Өскемендегі университетте төрт студент Президент шәкіртақысына ие болды

862
көрілім
Шартты фотосурет

Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес төрт студенттің ынта-білімі ескеріліп, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басшылығының зор сеніміне ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Үш бұрымды, бір жігіт. Төртеуі төрт түрлі мамандық студенттері.

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындау аясында 2022 жылдың 30 маусымындағы университтің Ғылыми Кеңес шешіміне сәйкес мына студенттер ҚР Президентінің шәкірақысына ие болды:

1) Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебі – Қуатов Асанәлі Қуатұлы;

2) Базалық инженерлік дайындық факультеті – Қайырғазинова Мадина Оралқызы;

3) Сәулет және құрылыс мектебі – Ерсайынова Алида Бауыржанқызы;

4) Бизнес және кәсіперрлік мектебі – Алешина Ангелина Евгеньевна, – делінген мәліметте.

Шара жүргізушілері осындай нәтижелердің белгілі бір мөлшерде білім ошағының рейтингісіне әсер ететіндігін тілге тиек етті. Айталық, Ұлттық рейтинг ақпаратына сәйкес еліміздегі үздік жоғары оқу орындары арасында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ екінші орынға жайғасқан. Әлемдік университеттердің барлығын алғанда, 4367-ші, республикамыздағы 130 ЖОО ішінде алтынша орында екенін айта кетейік.