«Өскемен-Шемонаиха» тасжолында полицияның қызметтік көлігі соқтығысып қалды

333
көрілім

«Өскемен-Шемонаиха» тасжолында «ВАЗ» автокөлігі мен полиция бөлімінің қызметтік көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша жол апатына кінәлі «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі.

- 29 жастағы «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметтік көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.