Семей қаласының тұрғыны полиция қызметкерлеріне пара бермек болған

377
көрілім

Семей қаласының тұрғыны жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерлеріне пара беріп құтылып кетпек болған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін сақтау кезінде Семей қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері Қаржаубайұлы-Мичурин көшелерінің қиылысында қала тұрғынының басқаруымен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған «ВАЗ-2108» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Әкімшілік хаттама толтыру барысында жүргізуші өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін полиция қызметкеріне ақшалай сыйақы ұсына бастайды. Тәртіп сақшылары ер адамға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерткен. Алайда көлік жүргізушісі ескертуге құлақ аспай, жеңіл жолын іздестіріп, қызметтік көліктің алдыңғы орындығына 6000 теңге көлемінде ақша қояды. Нәтижесінде әкімшілік хаттама толтырылып қана қоймай, жүргізушінің үстінен ҚР Қылымстық Кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.