Семейде банк картасы арқылы ақша ұрлаған ер адам ұсталды

3021
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 25 жастағы қыз хабарласып, ақшасы ұрланғанына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сүйенсек, ақпан айының 25-і күні үйіне келген танысы банк картасынан жасырын түрде 100000 теңге көлемінде ақша шешіп алған.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы Приречное ауылының тұрғынын құрықтап, күдікті жауап алу кезінде кінәсін мойындады, – делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.