Семейде парамен ұсталған бөлім басшысы 9 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

406
көрілім

Жүйелі түрде пара алып келген Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жақында Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сәлімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған еді. Ол 2019 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін эскиздік жобалар мен ситуациялық схемаларды келіскені үшін жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Семей қаласы № 2 сотының үкімімен Сәлімов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, оған 8 785 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.