Сенатор Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын қабылдады

357
көрілім

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесіп, Парламенттің өткен сессияда атқарған жұмысы, қабылдаған заңдары туралы айтты. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.Головатюкпен кездесуде Парламент пен мәслихаттар арасындағы қарым-қатынас мәселелері сөз болды», - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Әрі қарай Дүйсенғазы Мусин «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының аппарат қызметкерлерімен кездесіп, азаматтарды қабылдады. Тұрғындар сенаторға түрлі көкейкесті сұрақтарын қойып, жауап алды.

Бұған қоса, Өскемен қаласының әкімі Ж.Омармен бірге 200 орынға арналған балалар ауруханасына барып, құрылысын тексерді. Қала басшысы бұл нысанның қаржылық мәселелері бар екенін жеткізді. Сенатор оны жеке бақылауына алатынын айтып, мәселені жан-жақты қарастырды.