Өңірде ата-аналармен, білім беру ұйымдарымен және жасөспірімдермен ағарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, электронды темекі (вейп) тұтынуға қарсы алдын алу шаралары іске аспақ.
- Біздің өңірдегі экологиялық жағдайды ескере отырып, тыныс алу жолдары ауруларының алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Жасөспірімдер арасында вейптер мен кальян шегудің белең алуы жайлы мәселе Үкімет деңгейінде талқылануда. Бізге қалалар мен ауылдардағы медицина қызметкерлері тұншығу кезінде қалай көмек көрсету керектігін білуі керек. Екі жасөспірімнің өліміне әкелген соңғы жағдайға тергеуді мұқият жүргізу қажет,-деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаевтың айтуынша, өңірдің жалпы практика дәрігерлерімен және пульмонологтарымен осындай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.