ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері өткен екі айда облыс автожолдарында қар құрсауынан және жол жиегінен автокөліктерді шығарып, 50-ден астам құтқару операциясына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірнеше күн бұрын күндізгі сағат 14:30-да ШҚО ПД ППБ экипажы полиция аға лейтенанттары қызмет инспекторлары Е.Қалқаманов пен И.Оразғалиев «Өскемен-Самар» тасжолы бойында қызметтік міндеттерін атқару барысында қар құрсауында қалып қойған ГАЗ жүк автомобилін жолықтырған. Жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісін арнайы техника шақырып, қар құрсауынан аман алып шыққан.
Осыған ұқсас жағдай «Өскемен-Риддер» автожолында да болды. Мұнда ШҚО ПД ППБ экипажы полиция аға лейтенанттары қызмет инспекторлары С.Какенов пен Д.Зайденов ММС маркалы автокөлігінің жүргізуші ауа-райының қолайсыздығына байланысты рөлге ие бола алмай қалып жол жиегіне шығып кетіп, қалың қар құрсауында қалғаны белгілі болды. Экипаж жолда қалған жолаушыны «Қазавтожолдың» арнайы техникасын шақыртып жүргізушіге көмек көрсетті.
Ал «Өскемен-Семей» тас жолында ШҚО ПД ППБ аға лейтенанттары қызмет инспекторлары Р.Қайырбеков пен М. Тыныбаев құрамындағы экипаж көзге түсті. Апаттық белгілері қосылып тұрған «TOYOTA» автокөлігі Гагарино ауылының маңында жол жиегінде тоқтап тұрған. Жақындап жай сұрағаннан кейін көлік дөңгелегінің тесіліп қалғаны белгілі болды, ал жүргізушінің көлігінде қажетті құралдары болмаған. Экипаж ер адамға дөңгелекті ауыстыру үшін барлық қажетті құралдарды ұсынып дөңгелегін ауыстыруға көмектескен.