Өңірде «Таза су» әлеуметтік жобасын жүзеге қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай елді мекендерде су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта аймақта осындай жобалардың 79-ы іске асырылуда. Соның 41-ін жыл бітпей аяқтау жоспарға қойылса, қосымша 50 блок-модульді станса орнатылады. Соның нәтижесінде 21 мың адам сапалы ауызсу тұтынуға мүмкіндік алады.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың сөзінше, соңғы бес жылда елді мекендерді ауысумен қамту біршама артқан. Айталық, 2015 жылы – 44,2%-ды құраса, 2017 жылы 77,6%-ға жеткен.
Тұрғындарды ауызсумен қамту жұмыстары келер жылы да жалғасын таппақ.