ШҚО-да биыл үшінші жыл қатарынан «Шуақты шаңырақ» сайысы өтті

790
көрілім

 Аталған шараға жас отбасылар қатысты. Сайысты облыстық ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ағымдағы жылғы сайыстың ерекшелігі сол - онлайн форматта өтуінде. Оған елімізде жарияланған карантин себеп болып отыр.

Байқауға өңірдегі барлық қала, аудан мен ауылдардағы жас отбасылар қатысты. Шараның әстүрлі отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас отбасылардың бастамаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

«Отбасының өнегесі - Отан өнегесі» – деген қазақ. Бұл байқаудың жастарға берер тәлімі мол. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Сайыс барысында  әр отбасы өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан сыр шертетін өлеңдерді жатқа оқыды.

Сайыс жеңімпаздары қазылар алқасы мен әлеуметтік желідегі оқырмандардың лайктары арқылы таңдалды.

Байқаудың қортындысы бойынша бірінші орынды Семей қаласының тұрғындары Бауыржановтар отбасы жеңіп алды. Екінші орынды Аягөз ауданындағы Сағатбековтер отбасы иеленді. Үшінші орын Абай ауданында тұратын  Үркімбаевтар отбасына бұйырды.

Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының шығармаларын үш тілде оқыған  Сағатбековтер отбасына «Көрермендер көзайымы» номинациясы берілді.

Айта кетейік, алдағы уақытта мұндай сайыстар жиі ұйымдастырылатын болады.