ШҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы талқыланды

486
көрілім

ШҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша 8 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің қатысуымен облыстық филиалдың Саяси кеңесі бюросымен облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын орындау жөніндегі Жол карталарын іске асыру барысы талқыланып, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы бойынша  2021 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

«Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасын орындау бойынша жұмыстарды атқаруда кей аудандар мен қалаларда  кемшіл тұстар бар.  Ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық емес. Аумақтық филиалдардың төрағалары сіздер олқылықты жойып, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға арналған Жол картасының әр тармағы бойынша көрсетілген іс-шараларды уақытылы орындап, айтылған кемшіліктер бойынша нақты шаралар қабылдауларыңыз керек»,- деді облыстық филиалдың төрағасы Даниал Ахметов.