Ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Бірқатар аймақтарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, тұман түсуі күтіледі деп болжауда.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 18 м/с күшейеді.