ШҚО-да ұрлық жасаған ер адам жарты жылға жуық уақыт жасырынып жүрген

347
көрілім

Наурыз айының ортасында өңір аумағында Бородулиха аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жарты жылға жуық іздеуде жүрген тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бес айдан астам уақыт мемлекетаралық іздестіруде болған 25 жастағы ер адам анықталды.
- Белгілі болғандай, ол өзінің досымен бірге былтыр қараша айының 4-і күні Семей көшелерінің бірінде кетіп бара жатып, Chevrolet маркалы автокөлігінің алдыңғы жолаушы терезесін сындырып кірген. Сол жерден иесінің мүлкін ұрлап, 52 000 теңге шығын келтірді. Бастаған ісін аяқтаған ол ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық қудалаудан жасырынған, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта күдікті ШҚО ПД Семей қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.