ШҚО-да жедел ізге түсу арқылы 200-ге жуық қылмыс ашылды

739
көрілім

Наурыз айының 12-18 аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, рейдтік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесіндегі өрескел бұзушылықтарды анықтады. Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, қылмыстарды, сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстардың бетін тез арада ашқан.

ШҚО Полиция департаменті таратқсан мәліметке  сәйкес жеті күннің қорытындысы бойынша ізін суытпай 198, бұрын жасалған 90 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 21 күдікті ұсталды.

Шара барысында 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1292 ұсақ бұзақылық фактісі (ҚР ӘҚБтК 434 бабы), ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келгені үшін (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) - 1608, ал 1886 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) жауапқа тартылды. ІІО-да профилактикалық есепте тұрған 9000-нан астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 30 қару-жарақ алынды: 1 газ тапаншасы, 4 ойық және 25 тегіс ұңғылы қару.

- Жеті күн ішінде жедел профилактикалық шарасы барысында 61 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруының 3 фактісі анықталды, - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.

Бұдан бөлек, облыс полицейлері есірткі заттарын сақтаудың 18 фактісін анықтады, 135-ке жуық бір реттік доза марихуананы тәркіледі.