Синоптиктер 13 сәуірге арналған ауа райына болжам жасады. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашын болып, батыста, солтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерінде тұман түсіп, жел жылдамдығының күшеюі ықтимал.
ШҚО, Алматы, Түркістан, сондай-ақ Қызылорда облыстарының кей өңірлерінде жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.