Шығыс Қазақстанда 549 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

148
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайлар некелерін қидырған соң бірден сайлауда дауыс берді.

Өскемен қаласында жас жұбайлар Жәнібек пен Мадина отбасылық өмірлерін ерекше бастады. Азаматтық хал-актілерін жазу (АХАЖ) бөлімінен кейін олар президент сайлауында дауыс беру үшін бірден сайлау учаскесіне барды. Ерлі-зайыпты №49 учаскеде тіркелген.

«Бүгін біздің отбасы үшін тарихи күн. Бұл күннің ел болашағы үшін маңызы зор деп есептейміз. Сондықтан сайлауға қатысып, өз дауысымызды бердік. Еліміз дамып, өркендей берсін», - деді Жәнібек Ахметов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 549 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік. Барлығы 500 мыңға жуық шығысқазақстандық дауыс бере алады.