Шығысқазақстандық ауыр атлеттер ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

676
көрілім
Фотосурет prosports.kz сайтынан, басқа жарыс сәті

Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында жекелей жаттығулар бойынша ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төрт дүркін Әлем чемпионы деген атақты ғана сақтау мүмкін болған Ильин Ильин жарыс жолына шыққан әр спортшыға қолдау білдіріп, кейбіріне арнайы барып тілеулестігін танытты. Жалпы, ауыр атлетика дегенде Қазақстан құрамасының атақ-абыройы қазір бұрынғыға қарағанда төмендеген. Жанүйерлер ойы да осыған саяды. Алысқа кетпей-ақ Токио-2020 Олимпиадасында Игорь Сон мен Зүлфия Чиншало, яғни екі спортшыға ғана квотаның берілуі осының бір дәлелі.

Сонымен бапкерлік құрамның алдында жаңа мақсат қойылған. Құраманы тек бабы келіскендерді іріктеу. Осыған дейін жарақаты мазалап, тасада қалып жүрген бірқатар зілтеміршілер жарыс жолына шықты. Соның бірі - Алтай ауданының тумасы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов (135+167 келі). 81 келіге дейінгі салмақта аса сенімді өнер көрсетпесе де тұғыр сатысынан тыс қалмады. Бұл салмақта алматылық өрен Еламан Сейтқазы (150+191 келі) ешкімге дес бермеді. Үшінші орын Алматы облысының өкілі Еділ Тұрғанбайға (135+163 келі) бұйырды.
Осы ретте 45 келіге дейінгі салмақта бұрымдылардан шығысқазақстандық Александра Беленко (59+76) топ жарды. Жаттығудың серпе түрінен осалдық танытпай, Ақмола және Қызылорда облыстарының спортшыларының алдын орады.
Тәжірибелі жерлесіміз Дарья Павлованың да (90+111 келі) айдарынан жел есті. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева анық фаворит саналғанымен жеме-жемге келгенде жерлесіміз мықтылық танытты. Горичева серпе көтеруе сылбыр өнер көрсетіп (91+105 келі), Павловадан кейін екінші орынға тұрақтады. Ал қола медальға тағы бір Алматы облысының өкілі Ли Надежда ие болды. Әрі қарай ерлерге кезек келді. Қарсыластарынан әлдеқайда жас Ерназ Алпысов кіл мықтыларға лайықты қарсылық танытты деуге болады. Әлем чемпионатының жүлдегері Арли Чонтей (109+127 келі) топ жарып, Алматы облысының намысын арқалаған Анатолий Грубов (110+125 келі) күміске қол созды. Осылардың ізін ала, тарбағатайлық ауыр атлет (102+123 келі) жүлдегерлер үштігін түйіндеді. Шығыс Қазақстан ерлер құрамасы аталған сында командалық есепте топ жарды! Ауыр салмақтағы зілтеміршілерімізге кімдер қарсылас атанғанын сайыс нәтижесінен көре аласыздар:

73 кг
I орын: Едіге Емберді (138+176) Нұр-Сұлтан
II орын: Владимир Васильев (133+161) ШҚО
III орын: Бексултан Айтбай (120+170) Қызылорда обл.

81 кг
I орын: Еламан Сейтқазы (150+191) Алматы
II орын: Денис Уланов (135+167) ШҚО
III орын: Турганбай Едиль (135+163) Алматы обл.

89 кг

I орын: Сергей Петрович (161+200) Ақмола обл.
II орын: Асылжан Бектай (156+185) Қызылорда обл.
III орын: Станислав Павлов (127+162) ШҚО

96 кг
I орын: Нұрғиса Әділетұлы (171+201) Атырау обл.
I орын: Ренат Баударбеков (147+200) Қостанай обл.
III орын: Дамир Бейсенғалиев (140+177) ШҚО

109 кг

I орын: Артем Антропов (160+215) Қарағанды обл.
II орын: Иван Голушко (150+180) ШҚО
III орын: Әлихан Шайхидинов (140+176) Түркістан обл.

109+ кг

I орын: Дмитрий Каплин (162+203) ШҚО
II орын: Ибрагим Берсанов (164+200) Шымкент
III орын: Антон Еременко (147+173) ШҚО

Әділхан ЕСІМХАНОВ