Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Сәтпаев даңғылында «Жедел жәрдем» көлігімен соқтығысқан апат кезінде ауыр жарақат алған жол полициясы қызметкерінің жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Белгілі бір себептерге байланысты зардап шегушінің аяғы кесілді, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан. - Оған қажет деңгейде барлық дәрігерлік көмек түрлері көрсетілді. Бұдан әрі республикалық деңгейде ем қабылдау мақсатында ол Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді.
Еске салайық, 20 желтоқсанда Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында КамАЗ көлігі «Жедел жәрдем» көлігімен соқтығысқан сәтте екі полицей жарақат алған болатын.