Жұмыспен қамту-2020: ШҚО-да 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

302
көрілім

Өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өңірде 816 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, оның ішінде 18 870 - уақытша, 1150 - тұрақты.

– Қазіргі уақытта әр жоба бойынша тиісті жоспар құрылған. Оны іске асырудың келісімшарт жасасу, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы, бюджет қаражатын ай сайын игеру, объектіні пайдалануға беру және жұмыс орындарын құру сынды әр қадамы кезең-кезеңімен ойластырылды. Бүгінде 789 жоба бойынша келісімшарт жасалса, 26 жобаның конкурстық рәсімдері аяқталуда. Соның нәтижесінде 2 күнде-ақ 2 997 жұмыс орны ашылды. Осы аптаның соңына дейін 6 925 жұмыс орны ашылады деп күтілуде» делінген хабарламада.

2020 жылы 812 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. 4 ірі жоба келесі жылы өз мәресіне жеткізілмек. Нақты айтсақ, бұл Өскемен әуежайын қайта жаңарту, Есенберлин даңғылынан Жібек жолы даңғылына дейін және К.Маркс даңғылынан «Өскемен-Алматы» тасжолына дейінгі аралықтағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ Семейдегі Қарағайлы шағынауданында кварталішілік жол салу жобалары.