Абай ауданында екі балықшы суға кетті

788
көрілім
Қайғылы жағдай 22 сәуірде аталған ауданның Рысай көлінде тіркелген. ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиғаға екі балықшының жүзу құралындағы салмақты саймандарға қарамастан, су бетіне құтқару құралдарынсыз шығуы себеп болған.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі балықшы ымырт түскеніне қарамастан, балық аулауға шыққан көрінеді. Жағадан 50 метр алыстағаннан кейін олардың жүзу құралдары аударылып қалған. Жағаға дейінгі қашықтық алыс болмаса да, мұздай судың ортасында жағаға шығу қиынға соққанға ұқсайды.

Көз жұмғандардың бірінің денесін жергілікті балықшылар тауып алған. Тапқан балықшылар құтқарушыларға хабар беріп, көп өтпей суға кеткен екінші адамның да денесі табылды.

– Балықшылар су үстіндегі негізгі үш ережені естен шығарған: біріншіден олар құтқару құралынсыз су бетіне шықты. Екіншіден, олар жүзу құралын түнде пайдаланды. Үшіншіден жүзу құралына көп жүк артып қойған, – дейді өңірдің бас құтқарушысы А.Рожков.

Мейрамбек Қосажан