Абайлықтардың негізгі кәсіптерінің бірі мал шаруашылығы. Аудандағы шаруа қожалықтарында 347 мың бас мал бар. Оның 54 мыңы жылқы, 86 мыңы ірі қара мал, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен прокуратура мамандары және жергілікті атқарушы орган қызметтері жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын өткізуде. Әсіресе жол үстінде жануарларды қағу оқиғаларына аса мән берген.
Жыл басынан бері мұндай жеті оқиға тіркелді. Көбіне малды қағып кету түнгі уақыт пен кешқұрым сәттерде орын алады. Көру қиындаған уақытта жүргізушілер байқамай қалады. Қабылдаған шара жол бойындағы немесе тасжол үстіндегі жайылған малды ерте байқауға көмек береді.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің сөзінше, жол бойында орналасқан шаруа қожалықтарының иелеріне бұл қарғыбаулар керек. Жол-көлік оқиғасын азайту мен адамдардың амандығына пайдасын тигізбек.