Абай облысы полиция департаменті бір жылда 36 борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар Қылмыс кодексінің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу міндетін орындамау) бойынша жазаланған, деп хабарлайды Buqara.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның отызына бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, айыптау үкімі шығарылған.
Қалғандарының ісі тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, өйткені борышкерлер алимент берешегін төледі.
«Алимент төлеудің негізгі қозғаушы күші — қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупі емес, ата-ананың ар-ұжданы. Балаларды асырауға қаражат төлеу міндетін орындамау — қылмыс, ол үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар», - деп ескертеді Абай облысы полиция департаментінен.