Абай облысында балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберген

115
көрілім
Фото: semeynews.kz сайтынан

Абай облысында балалар сіріңкемен ойнап, 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі.  

 

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға Ақсуат ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Полицейлер екі оқушының кінәлі екенін айтты. Олар аулада сіріңкемен ойнап жүріп абайсызда шөпті өртеп жіберген. Балалар келтірген залал - 4 млн теңге.
- Егер ата-ананың қарауынсыз қалған балалар біреуге кесірін тигізген болса, онда ата-анасы жауапқа тартылады. Сотқа дейінгі тергеу КР ҚК-нің 202 бабы бойынша жүргізілуде, - делінген Полиция департаментінің ақпаратында.