Абай облысында кішкентай пациенттерге МРТ зерттеулер қолжетімді болды

15978
көрілім

Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығының базасында облыс тұрғындары үшін маңызды зерттеулер өткізілді. Шамамен бір жастағы балаларға алғаш рет МРТ зерттеулері сәтті жүргізілді.

Зерттеулер радиациялық диагностика дәрігерлерінің, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің қатысуымен "СМУ" КЕАҚ университеттік госпиталімен бірлесіп өткізілді.

«Бұл оқиғаның маңыздылығы – бұрындар мұндай зерттеулер біздің еліміздің басқа қалаларында жүргізілгендіктен,  аймақ тұрғындары біздің облыстан тыс жерлерге баруға мәжбүр болып келген. Бұл өз кезегінде жас пациенттер мен олардың ата-аналарына қолайсыздықтар туғызатын. МРТ -зерттеулер диагностикасы аса маңызды және заманауи құрал болып табылады, әсіресе, біздің ең кішкентай пациенттеріміздің болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан қазір Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының тапсымасын, облыстық ӘМСҚ филиалы қолдауымен мұндай зерттеулер тұрақты негізде жүргізілетін болады», — деп атап өтті лрталық мамандары.

Айта кетейік, елімізде балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған.

«Балалардың денсаулығы мен әл – ауқаты жайына келгенде ешқандай  кедергілер болмауы керек, сондықтан Облыстың балалар денсаулығында мұндай жетістіктер жүйелі және жоспарлы жұмыстың бастамасы болмақ. Өз кезегінде жоғары технологиялы дианостикалық зерттеулер де Қор активтерінен өтелетін медициналық қызметтер қатарында. Бұл ретте Орталық ұжымына осы бағытта еңбектеріне сәттілік тілейміз», — деді Абай облысы КЕАҚ ӘМСҚ филиалы директоры Ғалымжан Әбілов.