Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жедел тобы «Семей орманы» табиғи резерватының ерекше қорғалатын аумағында ағаш кесу фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
15 тамызда бақылау-өткізу бекетінде кесілген қарағай бөренелер тиелген КамАЗ көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлік жүргізушісі жалған құжаттарды ұсынған.
-Төлемсіз ағашты шығару, келісімшарт түріндегі құжат жасау фактілері бойынша бұзушылықтар анықталды. Ағаш тиелген автокөлік ұсталып, құжаттары тәркіленді. Резерват қызметкерлерінің аталған құқық бұзушылыққа қатысы тексерілуде, - деп мәлімдеді Экология министрлігіндегілер.
Материалдар құқық қорғау органдарына берілді.