Біріккен күрес әлемі Азия құрлығындағы үздік еркін күрес шеберлерінің есімін жариялады. Аталған тізімге шығысқазақстандық палуандар енбеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен 74 келіге дейінгі салмаққа тоқталайық. Екі дүркін Азия чемпионы, әрі Әлем чемпионатының қоласын иеленген көкпектілік Данияр Қайсанов әзірге екінші сатыға ығысқан болуы тиіс. Оның орнына Токио Олимпидасында қола медаль үшін өткен белдесуде алдын орап кеткен өзбекстандық Бекзод Абдурахмонов жайғасқан. Бәлкім алдағы додаларда екеуі тағы бір белдесіп, жерлесімізге есе қайтарудың сәті түсер. Әзірге күрес мамандары тізімде осылай деп жариялауды құп көрген сыңайлы.
Әр салмақ бойынша Азия үздіктері төмендегідей:
57 келі – Кумар Рави (Үндістан)
61 келі – Адлан Асқаров (Қазақстан)
65 келі – Такуто Отогуро (Жапония)
70 келі – Ерназар Ахматалиев (Қырғызстан)
74 келі – Бекзод Абдурахмонов (Өзбекстан)
79 келі – Нокходи Мухаммад (Иран)
86 келі – Хасан Яздани (Иран)
92 келі – Камран Гасемпур (Иран)
97 келі – Мойтаба Голеи (Иран)
125 келі – Амирхоссейн Заре (Иран)