Аблайкит бекініс монастрін қайта жөндесе тарихи ескерткіштің туристерді тартудағы рөлі арта түседі, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.
Естеріңізге салсақ, Аблайкит — Ұлан ауданының аумағында XVII ғасырда бой көтерген буддалық бекініс-монастрь. Кітапханасы бар үлкен монастрьдің қабырғалары тастан қаланған. Бекініс біздің заманымызға дейін сақталмаған.
– Бұл ғимарат ерекше, әрі көз тұндырарлық әсем болған, – деді «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» тақырыбымен өткен форумда сөз алған тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов. – Ол халықаралық дәрежедегі ескерткіш. Бекініс-монастрьді қайта қалпына келтіруге қауқарымыз жетерлік. Ол әлемнің қай елінен болмасын, туристерді тартатын болады. Бұл жерге Қытай мен Кореядан қажылық етушілер де келеді.
Ерлен ОСМАНОВ