Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі министрліктердің жауапты хатшылары, Агенттіктің аумақтық департаменттері басшылары, жоба жетекшілері – облыстар мен қалалар әкімдері орынбасарларының қатысуымен өткен онлайн форматта «Adaldyq alańy» жобасының 2020 жыл І тоқсандағы қызметін қорытындылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Adaldyq alańy» – өзара іс-қимылдың бірегей ортасы
Бүгін «Adaldyq alańy» жобасы – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының бірегей алаңы. Осы жоба аясында іске асырылған мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есептілігі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін жағдай жасады.
Агенттікпен парасаттылық инфрақұрылымын құру аясында 14 аймақта «Антикор» орталықтары ашылды.
«Antikor ortalygy» – барлық адамдар өздерін мазалаған мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңестер алатын, сондай-ақ азаматтық бастамалар алаңы.
«Adaldyq alańy»: мемлекеттік аппараттың трансформациясы
Open space форматына көшу мемлекеттік органдарды трансформациялау критерийлерінің бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта елімізде жалпы 1107 мемлекеттік мекеме жаңа форматта қызмет етсе, оның 150-і ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ауысқан.
Өткен кезеңде 97 мемлекеттік мекеме жұртшылықпен жұмыстың сервистік моделіне көшіп, 296 басшы бірінші қабаттарға көшірілген.
Азаматтардың 70%-ы өз мәселелерін оң шешті
Ағымдағы жылдың басынан бері 2933 азамат жобалық кеңселерге жүгінген. Олардың 70% - ы өз сұрақтарын оң шешті.
Осылайша, «Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің көмегімен Павлодар облысында көп балалы отбасына мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру және фермерлік шаруашылықты субсидиялау мәселесі шешілді.
«Qyzyljar – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша науқастарды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін оң шешіп берді.
Жобалық кеңселерді жетекші сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары басқарады
Бүгінгі күнде «Adaldyq alańy» кеңселері министрліктерде ашылған, оларды ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі О. Құдайбергенов, «Еуразиялық инновацияларды дамыту қоры» ҚФ негізін қалаушы және директоры Б. Қасымов, «КАЗГЮУ» университетінің Басқарма Төрағасы Т.Нәрікбаев және қоғам қайраткерлері А. Соловьева, А. Сүлейменов, М.Қамзолдаев және М. Дуанбеков сияқты өз салаларындағы жетекші сарапшылар басқарады.
Эфирде «Adaldyq alańy»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамда түрлі құралдар қолданылады. Өңірлік телеарналарда «Adaldyq alańy» арнайы телебағдарламаларының апта сайын шығуы ұйымдастырылған.
Ал өңірлік басылымдарда «Adaldyq alańy» арнайы айдарлар жүргізіледі.
«Adaldyq alańy» ұсынған «Шок терапиясы»
Есепті кезеңде «Adaldyq alańy» жобасының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу бойынша жұмысы аясында басшы буындағыларды қосқанда, 6,2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіге бас бостандығынан айыру орындарына саяхатқа барды.
«Adaldyq alańy» ТЖ кезеңінде
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің қызметі қайта жаңғырды.
Жобалық кеңселердің өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыс туралы халықты онлайн хабардар етуді, сондай-ақ баға мониторингін жүргізуді қолға алды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бірқатар өңірлерде азық-түлік тауарларының бағасы 30-40%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, карантиндік блок-бекеттердің тұрақты онлайн-мониторингті қамтамасыз ету мақсатында жобалық кеңсеге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы блок-бекеттер аумағында орнатылған бейне камераларға рұқсат берілгенін атап өту керек.
Бұл мониторингті қашықтан жүзеге асыруға және сол арқылы осы блок-бекеттердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жоюға мүмкіндік берді.