Адамды балағаттаған Маралды тұрғыны өз кінәсін мойындады

329
көрілім
Фотосурет Orda.kz

Күршім аудандық сотымен жергілікті тұрғынға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сот отырысында азамат К.-ның сәуір айының 17-сі Маралды ауылындағы алтын өндіру фабрикасында, яғни қоғамдық орында фабрика қызметкерлеріне былапыт сөздер айтып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдіргені анықталған.
- К. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындады.
Оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес дұрыс сараланды. Себебі ол қоғамдық орында былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзатын ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот азамат К.-ның жұмыс істемейтінін, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және өзінің қызметтік борышын орындап жүрген адамдарға қатысты бұзушылықты жасағанын ескеріп, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қолданды.