АӘК тағайындаудың жаңа механизмі

310
көрілім

Бізде 2 миллионға жуық адам АӘК алады, олардың 1 млн – балалар. Шартты түрде АӘК-ті екі санатқа бөліп, осы жәрдемақыны есептеу механизмін өзгертуге болар еді.

Бірінші санаттағы төлемді бүгінгідей аз қамтылған отбасылардың барлық мүшелеріне жіберуге болады.

Ал екінші санаттағы төлемді балалардың төлем карточкаларына аударуға болады – ол мектепте тамақтану үшін ақы төлеуге, мектеп формасын, керек-жарақтарды сатып алуға, қосымша білім алуға және тағы сол сияқты қажеттіліктерге жұмсалады. Бұл ақша басқа ештеңеге жұмсалмайды.

Осылайша, балалардың толыққанды тамақтанатындығына, оларға қажеттінің бәрі бар екеніне сенімді боламыз. Егер баланың киім-кешегі түгел болса, мектепте жақсы тамақтанса, онда оның денсаулығы да жақсы болады деген сөз. Бұл біздің негізгі мақсатымыз. Бастысы – балалардың керек-жарақтармен, қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі.

Екінші жағынан, АӘК нақты аз қамтылған отбасыларға тағайындалады, бірақ мұнда АӘК алғысы келетін жұмысқа қабілетті азаматтардан әлеуметтік келісімге қол қоюды міндеттейтін шартты алдын-ала қарастыру маңызды.

Бұл дегеніңіз, оның қандай да бір мамандықты игеруге, өзіне ұсынылатын жұмысқа баруға міндеттеме алғанын білдіреді және мұның бәрі мемлекет есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, адам өз ісін бастай алады, оған гранттар мен жеңілдетілген несиелер ұсынылады. Бұл үлкен көмек.

Жалпы алғанда, бұл бізге АӘК есептеудің дұрыстығын және адамдардың өмір бойы мемлекеттік жәрдемақыға қарап отырмайтынына кепілдік береді.