Африкада қазақ күресінен біріншілік өтеді

750
көрілім

Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында 18-19 мамыр күндері қазақ күресінен құрлықтық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы мәлім етті. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған додаға әлемнің 15 елінен жиналған балуандар үш салмақ (70, 80, +80 кг) дәрежесі бойынша күш сынасады.

Биылғы чемпионатта төрешілерге арналған семинар да болады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, жиында ұйымның төрешілері африкалықтарға төл күресіміздің ережелерін үйретіп, тәжірибелерімен бөліседі.

– Жақын күндері Африкада ұлттық күресімізден құрлықтық чемпионат өткіземіз. Бұл – Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының Кейптаунда екінші рет ұйымдастырып жатқан жарысы. Биылғы додада 15 елдің өкілдері бақ сынасады. Оның тағы бір ерекшелігі, чемпионат ерлер және әйелдер арасында өтеді. Жаңа айтқан елдердің спортшылары жарысқа тағы да қатысамыз деп белін буып отыр. Одан басқа Сейшель аралдары, Маврикий, Конго Демократиялық Республикасы, Бенин, Малави, Намибия, Уганда мен Оңтүстік Африка Республикасының Готенг, Шығыс Кейп, Солтүстік Кейп және Батыс Кейп провинциялары жеке команда болып қатысады, – дейді Серік Төкеев.