Өскемендегі ШҚО Өнер музейінде Ақан серінің 175 жылдығына арналған «Ақан сері – адамзаттың сұңқары» атты кеш ұйымдастырылды. Шара барысында тұғыры биік әнші - композитордың әндері әсерлене шырқалды.
Ақан сері Қорамсаұлының ақындық-әншілік мұрасы сыршылдық пен сыншылдықтан, әдемілікке құмартудан, қуатты шабыт пен құдіретті қиялдан өріліп туған, өрнектеліп тоқылған саф поэзия. «Ақан сері – адамзаттың сұңқары» атты кештің мақсаты – халқымыздың Ақан сияқты біртуар сырлы ән мен өткір сөз иесін насихаттау, оның тұлғасының тарихи маңызын арттыра түсу. Кешті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Естай Амантайұлы Ақан серіге арнаған арнауымен ашты. Бұдан әрі әнші-композитордың әсем әндері шырқалып, дүйім жұрт құлақ құрышын қандырды.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ