«Ақбауыр» кешенінің айналасына елу тал егілді

2203
көрілім

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай облыстар мен қалаларда, аудандар мен ауылдарда аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Эколгиялық акция аясында қола дәуірінен жататын «Ақбауыр» кешенінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған ҚР Журналстер Одағының бастауымен барған журналистер, еріктілер, шығармашылық өкілдері және аудан тұрғындарынан құралған 250-ге жуық адам қатысып, 50 түп көшет отырғызды.
– Бүгін ауданымызда орналасқан «Ақбауыр» кешенінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған ҚР Журналистер Одағының бастауымен келген 250-ге жуық адам қатысты. Эколгиялық акция аясында «Ақбауыр» кешені аумағына 50 түп көшет, Бестерек ауылындағы музей аумағына 30 түп көшет отырғызылды. Сондай-ақ, қатысушыларға арнап Ұлан ауданының мәдениет қызметкерлерінің дайындаған мерекелік концерті өтіп, ас берілді, – дейді Ұлан ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Оралбеков.

Экологиялық акция бес аптаға жоспарланған. Осы аптада «Киелі мекен» деген атаумен киелі жерлерге, тарихи-мәдени ескерткіштердің ауымағына тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Жер ананы таза ұстау ертеңгі ұрпағымыз үшін керек. Әсіресе киелі жерлер мен ежелгі ескерткіштердің аумағын таза ұстаудың маңызы зор. Өйткені олар ішкі туризмді дамытудың тетігі ғой. Шетелден және елімізден қаншама туристер киелі жерлерді тамашалауға келетіні белгілі. Сондықтан да облысымыздағы тілшілер қауымын бастап келіп елімізге белгілі «Ақбауыр» кешенінің аумағын тазалауға қатыстық. Экологиялық акцияның бір аптасы «Киелі мекен» деген атаумен өтіп, ескерткіштердің аумағын тазалағанмыз өте дұрыс болды, – дейді журналист, ҚР Журналистер Одағының ШҚО филилалының төрағасы Мерей Қайнарұлы.

Аймаққа келген туристер әрдайым атбасын бұратын «Ақбауыр» ежелгі ескерткіш кешені Ұлан ауданы, Бестерек ауылының солтүстігінен 3 км жерде Ақбауыр тауының етегіне орналасқан.