Акция басталады

317
көрілім

10 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан аумағында тұрғындардан тіркелмеген қару-жарақты сатып алу науқаны басталады.

- Акция "Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 Қаулысына сәйкес жүргізіледі, - деп хабарлады Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Қаруды тапсыруға қажетті құжаттарды ресімдеу және ақшалай сыйақыны алу мәселесі сұрақтары бойынша Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 152 үй, №101, 102 кабинет (телефон нөмірлері: 8 (7232) 232-716, 232-731, 232-786) мекенжайында орналасқан Ертіс полиция бөліміне немесе Стаханов көшесі, 2 үй (телефон нөмірі: 232-053) мекенжайындағы Үлбі полиция бөліміне, сондай-ақ Өтепов көшесі, 2/А (телефон нөмірі: 232-230) мекенжайында орналасқан Солжағалау полиция бөліміне хабарласуға болады.

Ерлен ОСМАНОВ