Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы шағын ауылда таза ауызсу тақырыбы да өзекті екенін жасырмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұның алдында сол жақтан қоңырау шалған тұрақты оқырмандар елдімекен кәдімгідей тозып кеткенін айтты.
– Ақмарал ауылы бойынша осы жолы ғана барып жиналыс өткіздік. Иә, мәселелердің бары рас. Ол жаққа апарар жолды жөндеуге 28 млн теңге бөлінді, биыл қолға алынады. Блок-модульды станциядан су ағады, бірақ ол жерде кемшіліктер бар деп отырмыз. Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, аталған станцияларды тексеруіміз керек. Бізде осы ауылға қатысты өз жоспарларымыз бар. Айталық, бюджеттен 30 млн теңгедей қаражат бөлінсе, әр тұрғынның үйіне дейін су тартуды мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ, бірнеше көшеде жарық мәселесі әлі шешілмеген. Соны біржақты ету керек, Ал Ақмарал ауылына интернет 2026 жылы тартылады, – деді әкімнің міндетін атқарушы.