ҚазАвтоЖол компаниясы kaztoll.kz сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың кабинеті уақытша жұмыс істемейтінін ескертті, деп хабарладйы Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Құрметті пайдаланушылар! 2024 жылғы 3 шілдеде сағат 22:00–ден 02:00–ге дейін сервистерді жаңарту бойынша жұмыстар жоспарланған. Сол себепті, біздің ресми сайтымыз qaj.kz, kaztoll.kz сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың кабинеті уақытша жұмыс істемейтін болады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында төлем жасау мүмкіндігінің болмайтынын ескертеміз және ақылы жол үшін төлемдерді алдын ала жасауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.