Ақынға ескерткіш қойылды

1286
көрілім

Жарма ауданының орталығында белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы, халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахмановаға еңселі ескерткіш қойылды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Іс-шара Жарма ауданының 90 жылдық мерейтойымен ұштастырылып отыр. Жиылған қалың көпшілік алдында ел ағалары жалпы биіктігі 6 метрге жуық ескерткіштің ақ жабуын түсірді. Салтанатты жиынды ашқан жазушы Сәбит Досанов үш бірдей саланың майталманы атанған Тұрсынхан Әбдірахманованы ұлықтаған жармалықтарға алғыс білдірді.

– Әдебиет майданындағы жазушылар қауымы атынан осындай үлкен жұмыс жасауды ерлікпен пара-пар қадам деп бағалаймын. Өз мәдениетін көтерген ел қашанда көп жасайтындығы тарихтан белгілі. Ал мәңгілік елді мұрат етіп, рухани жаңғыруымызды жаңғыртуда осындай шаралардың орны ерекше. Сол себепті Тұрсынхан Әбдірахманованы ұлықтау ісінің туған өлкесінде бастау алып отырғандығы көңіл қуантарлық іс, - деді қоғам қайраткері.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ