Алакөл демалыс базасы 2 тамызға дейін карантинге жабылды

911
көрілім

Мұндай қаулыға Үржар ауданының бас дәрігері Ляззат Шокобалинова қол қойды. Шілде айының 23-нен бастап Алакөл жағалауындағы демалыс аумағы мен жалға берілетін үйлердің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ал шілдегің 23-і күні келген тынығушыларға жолдама біткенге дейін демалыс базасында қалуға рұқсат.

Көлге апарар жолда республика көлемінде шектеу шаралары алынып тасталмайынша жедел полиция бекеті қойылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты 20 шілде мен 2 тамыз аралығында ел көлемінде карантиндік режім күшейтілген болатын.

Осыған дейін Бурабай мен Ақмола облысы аумағындағы курорттық аумақтар жабылған-тұғын. 19 шілдеден бастап Ақтаудағы жағажай жабылса, 25 шілдеден бастап Қапшағайдағы демалыс аумағы мен жалға берілетін үйлердің жұмысы тоқтатылатын болады. Ол жақта коронавирустың таралуын болдырмау үшін тағы да бес блокбекет қойылды.

– Шектеу шараларының режімі мен мерзімі аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралу жағдайына қарай өзгеруі мүмкін, – делінген бас дәрігер қаулысында. Қазіргі уақытта Үржар ауылында 74 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген.