Облыстық бюджеттен бөлінген 500 миллион теңге қаражатқа жағалау жолдарды жөнделіп, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 200 көлікке арналған автотұрақ, демалыс саябағының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Үржар ауданының ресми сайтына сүйене отырып.
– Биылғы жылы Алакөл жағалауын дамытуға арнайы кешенді жоспар жасалып, облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Аталған қаржыға жолдарды жөндеу, жарықтандыру, жағажайды абаттандыру, 200 көлікке арналған автотұрақ, демалыс саябағының құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, полиция пункттері мен көшелерге бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары да қолға алынбақ, – деп хабарлайды аудан әкімдігінің ресми сайты.
Осыған орай, биылғы жылы Алакөл жағалауындағы демалыс үйлері өз жұмыстарын тоқтатпай, еліміздің түкпір-түкпірінен демалушыларды қабылдай беретін болады.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ