Алакөлдегі демалыс орындары жұмысын тоқтатқан жоқ

725
көрілім

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Алакөл жағалауындағы туристік маусымның 13 маусымнан бастап ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Демалыс базаларының иелері барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтайды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, көл жағалауында демалу үшін Covid-19 сынамасының теріс нәтижесі болуы қажет. Бір жанұяға немесе топқа 1 анықтама жеткілікті.

- Орналастыру және демалыс орындары ашық, көлік қатынасының барлық түрлері жұмыс істеуде, сондай-ақ брондау жүргізіліп жатыр. Демалыс бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Бізде ең қауіпсіз демалыс, қош келдіңіздер!, - делінген мәліметте.