Алакөл-Семей тасжолында автобус аударылды

300
көрілім

Жол-көлік оқиғасы маусым айының 19-ы күні сағат бес шамасында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік Семейге бара жатқан. Жарма ауданының аумағында жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан 13 жолаушы мен жүргізуші отырған автобус аударылды.
- Жүргізуші сол маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілсе, қалған жолаушыларға  медициналық көмек көрсетілді, - деді департамент өкілдері.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу).