Биыл Алаш көшбасшысы, ұлт көсемі, автономиялы тұңғыш дербес мемлекетіміздің іргесін қалаған, ағартушы-ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл.
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімнің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерімен «Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.
Қазақ көсемі, көрнекті ұлт қайраткері, автономиялы тұңғыш дербес мемлекетіміздің іргесін қалаған аса ірі тұлға, ағартушы-ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған іс-шара аясында жеке құрам назарына Алаш арысы туралы мағлұматтар мен өмір жолы жеткізілді.
- Алаштың азаттығы жолында құрбан болған бабамыздың еңбегін әлі толық түсіне алмай келеміз. Бөлімшелердің ақпараттандыру және тәрбие бөлмелеріндегі бұрыштарға идеологиялық бағытта Алаш арысының суреттерін қойып, ақпараттық мағлұматтарды орналастырдық. Сарбаздарға «Алаштың аманаты» Әлихан Бөкейхан: «Ұлтын сүю - білімнен емес, мінезден» атты деректі фильмі көрсетілді, - дейді 1 мотоатқыштар батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Алтынбек Рақышев.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі