Мамыр айының 11-і күні Өскемен қалалық Ертіс полиция басқармасы «102» жедел арнасына алаяққа алданған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәбірленуші өткен жылдың наурызы мен сәуір айы аралығында танысы пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтауымен 10 500 000 теңгеге жуық ақша иемденгенін хабарлады.
- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.