Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

448
көрілім
Шартты фотосурет

11-13 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Кезекті атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды. Соның әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел тұрады, жауын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.