Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды күн райы болжанып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Kazinfrom сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, оңтүстік циклонның әсерінен барлық аймақтарда дерлік найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Жауын-шашын күндіз ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік облыстарда 15-23 градусқа дейін жылы болса, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар ықпалынан ауаның температурасы 15-23 градус Цельсийге дейін шамалы жоғарылайды.