«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Алдағы үш күнде республикадағы ауа райын солтүстік циклон қалыптастырды, ол өзімен бірге қар аралас жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел әкеледі. 25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамыр күндері орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда шығыста жаңбыр, қар жауады. Өз кезегінде, Скандинавия аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпалымен республиканың батысында күн ашық болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Жақындап келе жатқан салқын ауа массалары әсерінен 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында түнде және таңертең ауаның температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.