«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 2024 жылдың 8-10 шілде аралығында облыста найзағай,қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірлің таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жауын-шашынға байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар судың арнасынан жайылуы мен су басуы мүмкін.
09 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Өскемен қаласында найзағай, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Күндіз солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
- найзағай соққан кезде үйде не ғимараттың ішінде болғаныңыз жөн, бұндай жағдайда терезені, есіктерді, жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.
Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласыңыз!