Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

374
көрілім

Синоптиктер 2019 жылдың 8-10 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймақтарында орташа көпжылдық мәннен 4-9 градусқа жоғары ауа температурасымен аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы байқалды. Бірақ Поволжьеде орналасқан суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Оның жылжуына қарай республикадағы ауа райы өзгере бастайды. Алдағы тәулікте батыс облыстарында бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр күтіледі және ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.

Солтүстік-батыста 9 қыркүйекте, солтүстік және орталықта 10 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Шығыста әлі де жауын-шашынсыз және бұрыңғыдай жылы. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғарғы жыраның ықпалынан әсіресе таулы және тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі.