Алдағы күндері ел аумағында нөсер жауып, үсік жүреді

646
көрілім
«Қазгидромет» РМК алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында қатты жауын-шашын болатынын хабарлайды, дейді Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде 21-24 сәуір күндері аралығында белсенді циклондардың өтуімен және оларға байланысты атмосфералық фронттармен ауа райы қайта нашарлайды.
— Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты нөсер жауып, күн едәуір суытады, — деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың директоры Марина Шмидт.
Оның айтуынша, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде температура бағамы -3 +2 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +2 +3 градус деңгейінде тіркеледі. Күндіз +18 +23 градусқа дейін көтеріледі.
— Ай соңында республиканың барлық өңірлерінде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде, — дейді Марина Шмидт.
Мейрамбек ҚОСАЖАН