Алдағы сенбіде Өскеменге екі ауданнан жәрмеңке келеді

384
көрілім

Алдағы жұма, сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Тарбағатай ауданының (желтоқсан айының 24, 25 күндері), ал «Дос-Нар» базарында Зайсан ауданының кәсіпкерлері (желтоқсан айының 25-і күні) өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі күндізгі сағат 8:00-де басталады.